Кеше РҚБ «Қазақстан Авторлар Қоғамы» мен Қазақстан Суретшілер Одағы арасында маңызды ресми кездесу өтті. Кездесудің тақырыбы «Қазақстан суретшілерінің зияткерлік меншігін құқықтық қорғау» арналған.
Бұл маңызды кездесуде:
Суретшілердің, мүсіншілердің, дизайнерлердің және қолөнершілердің репрографиясы мен авторлық құқықтарын қорғаудың өзектілігі.
«Мәдениет туралы», «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», сондай-ақ креативті экономикаға қатысты заңдарға өзгерістер енгізуді талқылайтын жұмыс топтарына авторларды тартудың маңыздылығы.
Қазақстан суретшілерінің мүліктік құқықтарының бұзылу мысалдары мен РҚБ «ҚазАҚ»-тың репрографияны қорғау саласындағы жетістіктері.
РОО «ҚазАҚ» пен Қазақстан Суретшілер Одағының бірлесіп, суретшілерге құқықтық қорғау ұсыну бойынша ортақ қадамдары.
Кездесу барысында суретшілердің зияткерлік меншігін қорғау мақсатында бірлескен петиция (меморандум) қабылданды.
Спикерлер:
Есеналиев Байғали – РҚБ «ҚазАҚ» төрағасы
Есендикова Айнұр – РҚБ «ҚазАҚ» бас директоры
Жубаниязов Үмірбек – Қазақстан Суретшілер Одағы Басқарма төрағасы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, монументалист-суретші
Ли Камилла – Қазақстан Суретшілер Одағының шығармашылық мәселелер жөніндегі хатшысы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, AICA ЮНЕСКО өнертанушылар қауымдастығының мүшесі
Анита Хусс-Экерхульт – IFRRO бас хатшысы және бас директоры
Бұл кездесу Қазақстан суретшілерінің құқықтарын қорғауда маңызды қадам болды. Өнерге құрмет – шығармашылыққа қолдау!
Кездесуден суреттерді назарларыңызға ұсынамыз.