Авторлар сыйақысын бөлудегі ең соңғы техника жетістігінің бірі Швейцариядан сатып алынған«CoSiS»
бағдарламасы бойынша жұмыс жасау ҚазАҚ-тың жұмысын жеделдетумен бірге Республика бойынша зияткерлік меншік саласындағы озық орнын айшықтап берген айтулы жетістік болғанын уақыттың өзі дәлелдеп отыр.
2014 жылдың 21-ші, 22-ші шілдесінде дүниежүзілік «СИЗАК» ұйымының ұсынысы бойынша
«Қырғызпатент» қызметкерлері «CoSiS» бағдарламасын игеру және авторлар сыйақысын жинап, төлеудегі мәселелер жөнінде өз тәжірибелерін жетілдіру үшін Қазақстан авторлары қоғамында болып қайтты. Қырғызстандық қонақтар дүниежүзінің алдыңғы қатарлы қоғамдарымен әріптестік жасау нәтижесінде бүкіл ТМД аумағында Ресейден кейінгі орында тұрған ҚазАҚ-тың жұмыс әдістерімен таныса келіп, өз таңданыстары мен қызығушылықтарын жасырған жоқ.