2015 ж. 16 көкегінде Алматы қаласындағы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына РҚБ
«Қазақстан авторлары қоғамы» (ҚазАҚ) өз авторларының музыкалық шығармаларын заңсыз пайдаланған «Верия» деген кафе қожайыны ЖК Д.Н. Идрисовтың үстінен шағым түсірген болатын. Сот отырысында шағымдағы көрсетілген мәселелер түгел расталып, ЖК Д.Н. Идрисовтан қазақстандық авторлардың пайдасына 2 795 240 теңге өтемақы өндіріп беру жөнінде шешім шығарылды. Алматы қалалық Аппеляциялық сот алқасы да қарсы жақтың шағымын қанағаттандырған жоқ. Шешім заңды күшіне енді.