
Біз туралы

Есеналиев Байгали Макулбекович
Төраға

Есендикова Айнура Бейсембайкызы
Бас атқарушы директор

г. Алматы, пр.Абая,
143/93, 5 этаж, офис №500
«ҚазАҚ» РОО мекенжайы
Қызмет түрі «ҚазАҚ» РОО
ҚазАҚ — өзінің атқаратын қызметі жөнінен авторлардың мүліктік құқығын ұжымдық негізде басқаратын ұйым да, ал құқықтық-ұйымдасу жағынан – республикалық қоғамдық бірлестік болып табылады. Ол өз жұмысын ерікті түрде және тең құқықты мүшелік негізінде жүзеге асырады. ҚазАҚ қызметін бүкіл Қазақстан аумағында жүргізеді.
«ҚазАҚ» негізгі қызметі
ҚазАҚ-тың негізгі атқаратын қызметі – авторлардың мүліктік құқығын басқару, яғни авторлардың атынан олардың туындыларын пайдалануға рұқсат беру, авторлық сыйақыларын жинау, жиналған сыйақыны бөлу және төлеу. Сонымен қатар ҚазАҚ авторлардың шағымы бойынша, сондай-ақ өз бастамасымен де авторлардың бұзылған құқығы үшін сотқа жүгініп, өтемақы талап етеді. ҚазАҚ авторлар (құқық иелері) өздерінің мүліктік құқығын бақылауды олардың өздері тікелей жүзеге асыра алмайтын жағдайда (жария орындау,с.і. телеарналар мен радиода, туындыларды механикалық жазба яки магниттік жазба жолыымен қайта шығаруда, т.б.) ұжымдық негізде басқарады.
«ҚазАҚ» заңды қызметі
Авторларға (құқық иелеріне) шығармаларын тікелей өздері пайдалануға беруіне байланысты қажетті көмегін көрсетеді. ҚазАҚ отандық авторлармен қатар шетел авторларының да Қазақстан аумағындағы мүліктік құқығын қорғауды қамтамасыз етумен айналысады. Сондай-ақ қазақстандық авторлардың құқығы дүниежүзі көлемінде бұзылмауын да бақылайды. ҚазАҚ - халықаралық СИЗАК ұйымының мүшесі. Ол әлемнің 221 елінің 229 қоғамын біріктіреді.




Құрметтi авторлар!
Бізге пошта арқылы мынадай хат келіп түсті. Хаттан ұққанымыз, біз 24-ші сәуірде жиын өткізу үшін Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Ө.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайын жалға алыппыз, зал жөндеуге жабылатын болғандықтан біздің ұсынысымыз қанағаттандырылмайды екен. Ринат Абдулхаликов, Аида, Нәзира,т.б. деген біреулердің авторларға телефон шалып қол жинап жүргенінен хабардармыз. Бұл әрекеттің кімдер тарапынан жасалып жатқаны да белгілі болды. Бұрынғы Төраға, барлық сот инстанциясында түгел жеңілген, 85 жастағы Марал Ысқақбай және ҚазАҚ қоғамына ешқандай қатысы жоқ, «Абырой» қоғамының Бас директоры қызметінен қателіктері үшін шеттетілген Ринат Абдулхаликов бастаған төрт адамның бастамасы екені анықталды. Тіпті бұл заңсыз істері үшін олардың үстінен қылмыстық іс қозғалуы мүмкін.
Өйткені Жалпы жиналыс Қоғам Жарғысында белгіленген өзіндік тәртібі бойынша өткізілуі тиіс.
ҚазАҚ Жалпы жиналысы ҚазАҚ Авторлық Кеңесінің шешімімен 26-шы сәуірге деп нақты белгіленген. Бұл жөнінде Әділет Министрлігінің Зияткерлік меншік Департаментін хабардар еткенбіз. ҚазАҚ Жалпы жиналысы 26-шы сәуір күні сағат 15-00 де. Тіркелу 14-00 ден басталады. Одан басқа жиналыс туралы ешқандай заңды шешім жоқ болғандықтан арандатушылардың әрекетіне алданып қалмауларыңызды сұраймыз!
Құрметпен, ҚазАҚ басшылығы.


Хабарландыру!
РҚБ «ҚАЗАҚСТАН АВТОРЛАРЫ ҚОҒАМЫНЫҢ» КЕЗЕКТЕН ТЫС ЖАЛПЫ ЖИНАЛЫСЫ
Күні: 26 сәуір 2023 жыл
Өтетін орны: «Тұран» университеті.
Мекен-жайы: Алматы қ. Сәтпаев көшесі 16 А.
Тіркелу: 14-00
Басталуы: 15-00
Күн тәртібі:
1. Қоғамға еңбегі сіңген өнер иелері мен пайдаланушы мекеме қызметкерлерін Марапаттау.
2. Төраға есебі.
3. Қоғамның Төрағасын сайлау.
4. Қоғамның Бас директорын сайлау.
5. ҚазАҚ Авторлар Кеңесі және Ревизиялық комиссияның жаңа құрамын бекіту.
6. Қоғамның Жарғысын қабылдау және оған өзгертулер мен толықтырулар енгізу минут.
7. ҚазАҚ 2018-ші жыл мен 2023-ші жылдар аралығында қордаланған мәселелер мен оларды шешу жолдарын талқылау.
Ескерту: Жалпы жиналыс РҚБ «Қазақстан авторлары қоғамына» қатысты болғандықтан, жиналысқа тек осы қоғамның мүшелері мен арнайы шақырылған өкілдер ғана қатыса алады.
Қоғамның мүшелігінде жоқ адамдар жиналысқа жіберілмейді. Олардың сайлауда дауыс беруге және сайлануға хақысы жоқ. (Қ.Р. Авторлық және сабақтас құқықтар жөніндегі Заңының 43 бабындағы 4 тармақ, Қоғамның авторлармен жасалынатын келісімшарт талаптары бойынша келісілген).
Жалпы жиналыс туралы мәліметтер толығымен Әділет министрлігі, Зияткерлік меншік Департаменті Басшыларына ескертілген.
Хабарландыру!
Құрметті «Қазақстан авторлары қоғамы» Республикалық Қоғамдық Бірлесігінің мүшелері! Соңғы кездері арнайы органның көмегімен тұлғалары анықталған кейбір азаматтар РҚБ ҚазАҚ қызметіне нұқсан келтіру мақсатында мәлімет жинауды себеп қылып, авторларға хабарласып, жалған ақпараттар таратуда.
Олардың бұл әрекеті; «Мемлекет пен қоғам қарамағындағы кез-келген азаматқа немесе мекемеге зиян келтіру үшін жалған мәлімет тарату» (Қ.Р. қылмыстық Кодексіндегі 274-ші бап) болып табылады. Болашақта үстілерінен қылмыстық іс қозғалуы мүмкін бұл тұлғалардың әрбір әрекеті бақылауға алынды.
Сіздерді өз қылмысына ортақ етер адамдардың сөзіне еріп, арандап қалмауларыңызды өтінеміз!

Сондай-ақ оқыңыз
