Республикалық қоғамдық бірлестік «Қазақстан авторлары қоғамы»
Туындыларды тіркеу
ҚАЗ
РУС
ENG
Жария орындалғаны үшін авторлық қаламақы есептелетін автордың әр шығармасы ҚазАҚ-тың сыйақы жинау және бөлу Басқармасында тіркелуге тиіс.

ҚазАҚ-тың сыйақы жинау және бөлу Басқармасында тек жария орындауға рұқсат етілген және нақты орындалып жүрген шығармалар тіркеледі.

Үлкен формалы туындылар, олардың авторлары шығармашылық одақтардың мүшелері ме, жоқ па, оған қарамастан, төменде көрсетілген құжаттар тапсырылған кезде ғана тіркеуге алынады:
  1. Автордың тіркеу туралы өтініші.
  2. Бірінші қойылым мерзімі туралы театрдың анықтамасы.
  3. Егер авторлық құқықпен қорғалатын шығарманың аудармасы яки инсценировкасы тіркелетін болса, онда аудармашылар мен инсценировка жасаушылар әлгі аталған құжаттардан өзге түпнұсқа авторының бұл аудармаға яки инсценировкаға берген жазбаша рұқсатын тапсырады.
  4. Кіші құқық туындылары авторлардың өтініші бойынша тіркеледі. Өтініште туындының нұсқалық дәрежесі /түпнұсқа, аударма яки өңдеу ме, ал егер аударылған яки өңделген шығарма болса, ол кімнің шығармасы/ көрсетілуі керек.
  5. Авторлық құқықпен қорғалатын туынды өңделген жағдайда оны тіркеу автордың жазбаша рұқсатымен қоса ол өңдеуге тиесілі автордың өзі белгілеген сыйақылық үлес мөлшері де тапсырылады.
Композиторлар одағы мен Жазушылар одағы мүшелерінің кіші формалық туындылары шығарманың нотасы мен мәтінін тапсырмаса да тіркеуге алынады да, ал шығармашылық одақтардың мүшесі емес авторлар үшін нотасы мен мәтінін тапсыру міндетті шарт болып табылады.

ҚазАҚ-та «Авторларды есепке алу» деп аталатын файлда көрсетілгеніндей өз еліміздің 1600-дей авторының 40 мыңдай туындысы тіркелген.

Сонымен қатар ҚазАҚ-тың деректер базасында ТМД елдерінің 40 мыңнан астам авторының 335 мыңнан астам туындылары тіркелген.

СИЗАК ұйымының деректер базасы болып табылатын, ҚазАҚ-та электрондық нұсқасы пайдаланылатын «Дүниежүзілік шығармалар тізімінде» 15 миллионннан астам туындылар бар.
СИЗАК-тың деректер базасы

ҚАЗАҚ қана көре алады:
Барлық құқықтары қорғалған.
© KazAK, 2010‑2017
SoftDeCo компаниясының
сайтынәзірлеу және жетілдіру.