Республикалық қоғамдық бірлестік «Қазақстан авторлары қоғамы»
Авторларды есепке алу 2015
ҚАЗ
РУС
ENG

   Авторларды есепке алу үшін мынадай құжаттар талап етіледі:

  1. Қазақстан авторлары қоғамы мен автордың мүліктік құқықты ұжымдық негізде басқаруға тапсыру туралы жасалған шарт.
  2. Өзі толтырып, қолын қойған қалыптасқан түрдегі тіркеу парағы.
  3. Мәлімделген шығармаларға авторлығын дәлелдейтін құжаттар, яғни ноталар, ән мәтіндері, аудио таспалар, мини-дискілер немесе СD.

  Есепке алынған авторға жеке іс қағазы ашылып, оған мынадай құжаттар мен материалдар салынады:

  1. Тегі, аты-жөні жазылған папка ашылып, онда оның шығармашалақ қызметінің сыпаты /драматург, композитор, аудармашы, т.б./ және шығармашылық одақтарға мүшелігі /композиторлар, жазушылар, суретшілер одағы/ көрсетіледі.
  2. Автордың тіркеу парағы.
  3. Тіркеу парағында көрсетілген шығармаларға, сондай-ақ тіркеу парағы толтырылғаннан кейін тіркелген шығармаларға авторлығын дәлелдейтін құжаттар.
  4. Егер бар болса, қосақ авторлармен жасасқан шарты.
  5. Автордың өзімен, автор шығармаларын тіркетуге және осы автордың жария орындалған шығармалары үшін тиесілі сыйақысын төлеттіруге қатысты әртүрлі ұйымдармен жазысқан хаттары.

Авторлардың жеке іс қағазы өмір бойы және қайтыс болғаннан кейін мұрагерлердің құқығының қорғалу мерзімі біткенше үнемі сақталады.

Сыйақы жинау және бөлу басқармасында жаңадан тіркелгендердің, тіркеуден шығарылғандардың, өзге қоғамдар мен агенттіктерге ауыстырылған авторлардың, сондай-ақ өзге қоғамдар мен агенттіктерден ауысып келгендердің, қайтыс болғандардың есебі жүргізіледі. Мұндай есеп мәліметтері қалыптасқан тәртіппен бүкіл ТМД-лық «Авторлардың біріккен тізіміне» /АБТ/ енгізу үшін Ресей авторлары қоғамына (РАО) жіберіледі.

2009 жылғы мәлімет бойынша ҚаАҚ-пен шартқа қол қойып, өз құқықтарын басқаруды тапсырған Қазақстандық авторлардың саны – 1450 адам, оның ішінде 101 автор Қоғамға 2008 жылы қабылданса, 2009 жылы 97 адам мүше болып кірген,2011 жылы мүшелер саны 1600-ге жетті. Бұл авторлардың 40 мыңдай туындылары тіркелген. Бұлардың сыртында Қоғамға мүше болып қабылданбаған, бірақ дерек базасында аты-жөндері мен кейбір шығармаларының аты тіркелген көптеген жас авторлар да бар. Біз оларды үнемі іздестіріп, гәзет беттерінде, өзіміздің сайтымызда есімдерін жариялап тұрамыз.(Сайттың «Іздеу саламыз» деп аталатын файлын қараңыз.) Осылай іздеу салу арқылы 2003-2011 жылдар аралығында 600-ден астам авторды тауып, мүшелікке қабылдадық.

Сонымен қатар Қоғамдағы деректер базасында ТМД елдерінің 40 000-нан астам авторы, олардың 335 мыңнан астам туындылары тіркелген.

Сыйақы жинау және бөлу басқармасында ай сайын толықтырылып тұратын авторлар мен шығармаларға қатысты халықаралық деректер базасы /ІРІ – Дүниежүзілік авторлар тізімі және WID – Дүниежүзілік туындылар тізімі/ бар. Бұл тізімдерге Қазақстан авторлары мен олардың шығармалары да нақты кодтық нөмірмен енгізіледі.

IPI-ға (Дүниежүзілік авторлар тізіміне) 3 млн-ға жуық автор кірген.

WID-ке (Дүниежүзілік туындылар тізіміне) 15 млн-дай шығарма кірген.

Жаңалықтар мұрағаты
10.12.2019
Қазақстан Авторлар Қоғамы авторларын танымал әндер саласындағы «QAZAQ MUSIC AWARDS» атты Республикалық Жүлдеге шақырады.
28.12.2017
«ҚАЗАҚСТАН АВТОРЛАРЫ ҚОҒАМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ «ӘЛЕМ ХАЛЫҚТАРЫ ЖАЗУШЫЛАРЫ ОДАҒЫНЫҢ» ЛАУРЕАТТАРЫ АТАНДЫ
06.12.2017
Қазақстан авторлары қоғамының мүшесі Халықаралық сыйлықтың лауреаты атанды
15.12.2016
Автордың қуанышы, ҚазАҚ-тың қуанышы
16.05.2016
М. Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетіндегі халықаралық ғылыми конеференция
Все новости >>>
Барлық құқықтары қорғалған.
© KazAK, 2010‑2021
SoftDeCo компаниясының
сайтынәзірлеу және жетілдіру.