Республикалық қоғамдық бірлестік «Қазақстан авторлары қоғамы»
Авторлық сыйақыны бөлу және беру
ҚАЗ
РУС
ENG
Авторларға тиесілі сыйақыны /қаламақыны/ есептеп бөлу және беру жұмысын Қоғамның Есеп-қисап бөлімі атқарады.

Авторлар мен олардың мұрагерлеріне сыйақы есептеу ҚазАҚ-тың аумақтық тексеруші-уәкілдерінен келіп түсетін бағдарлама-мәлімдемелердегі мәліметтер бойынша жүргізіледі.

Қоғам есепшотына пайдаланушылар аударған сыйақы әрбір автор туындысының жанрына, орындалу жиілігі мен қай салада орындалғанына орай белгіленген пай мөлшері бойынша бөлінеді.

Қоғамда Қазақстандық авторлардың бас-басына жеке есеп ашылған. Өңделген құжаттарда көрсетілген сыйақылардың сомасы белгілі тәртіппен арнайы кітаптарға, ал үлкен формалы шығармалар сыйақысы арнайы карточкаларға түсіріліп, шығыс төлем қағаздары арқылы беріледі.

Жергілікті авторлар өз сыйақысын ай сайын Қоғамға келіп алып тұрады немесе жиналған сома ауық-ауық автордың банктегі есепшотына яки карточкаларына аударылады. Өзге аймақтағы отандық авторлар сыйақысы банктегі есепшоттарына аударылады немесе пошта арқылы жіберіледі.

Шетелдік авторлардың сыйақысы әр елдің ҚазАҚ тақілеттес қоғамдарымен өзара жасасқан екіжақты шарттарында белгіленген тәртіп бойынша елдегі жылдық есеп беру мерзімі аяқталған соң жылына бір рет банк арқылы жіберіледі.

Ұлттық ақшамен түскен автор сыйақыларын бенефицарға аудару ҚР Ұлттық банкісінің сол кезең үшін бекіткен валюталық бағамымен «Шетел ақшасымен аударуға өтініш» бойынша рәсімделеді. «Шетел ақшасымен аударуға өтініштің» негізі ретінде ҚазАҚ-тың ақша жіберіліп отырған шетел қоғамымен өзара мүдде өкілдігі туралы жасасқан екіжақты келісімі мен тиесілі ақшасы көрсетілген авторлар тізімі беріледі.

Тізімде міндетті түрде авторлардың аты-жөнінен өзге шығармалардың аттары, кім орындағаны, сыйақының әрқайсысына тиесілі сомасы көрсетіледі.

Қоғамның Есеп-қисап бөлімінде Қазақстандық авторлармен, ТМД елдері авторларымен, алыс шетел авторларымен айналысатын қызметкерлер өз алдына жеке-жеке белгіленген.
СИЗАК-тың деректер базасы

ҚАЗАҚ қана көре алады:
Барлық құқықтары қорғалған.
© KazAK, 2010‑2017
SoftDeCo компаниясының
сайтынәзірлеу және жетілдіру.