Республикалық қоғамдық бірлестік «Қазақстан авторлары қоғамы»
ҚазАҚ-тың басқарушы және атқарушы органдары
ҚАЗ
РУС
ENG

ҚазАҚ қызметіне қатысты негізгі ұстанымдар жөніндегі шешім қабылдау мәселесін ҚазАҚ мүшелерінің – авторлардың – Жалпы жиналысы жүзеге асырады.

Жалпы жиналыс құзырына жатпайтын мәселелерді шешетін негізгі орган - Жалпы жиналыс сайлайтын Авторлар Кеңесі болып табылады. Авторлар Кеңесі қоғам жұмысын қамтамасыз ету үшін қажет қаражаттың авторлардан алынатын мөлшерін белгілейді, филиалдар туралы ережені, Қоғам бюджетін бекітеді, арнайы қорлар құрады, т.б.

Күнделікті ағымдағы істер мен Қоғамның практикалық қызметін жедел түрде басқаруды жүзеге асыратын басқарушы және атқарушы орган ретінде – Бас директор есептеледі. Бас Дирекцияның құрамын және Бас директорды Авторлар кеңесі бекітеді.

 

Авторлар Кеңесінің Құрамы

 

Ысқақбай Марал Ысқақбайұлы – Авторлық Кеңестің Төрағасы. Ол кәсіби жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Авторлық құқық саласында 1991 жылдан бері істейді.Бұрын ҚР-ның Авторлық құқық және сабақтас құқықтар жөніндегі Мемлекеттік Агенттігінің төрағасы болған. 1996 жылы ҚР-ның «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңының жобасын жасаушы жұмыс тобын басқарған, ол Заң кейін ТМД елдері үшін үлгі заң ретінде қабылданды. 1996 жылы М.Ысқақбай Халықаралық дипломатиялық конференцияға ҚР-ның делегациясын бастап қатысып, Дүниежүзілік Зияткерлік Меншік Ұйымының /ДЗМҰ/ екі Шартына – «Авторлық құқық туралы», «Фонограммалар және орындаушылық туралы» – қол қойған, оларды ҚР Парламенті 2004 жылғы 16 көкекте ратификациялады.

 

 

Байкөзов Нұрлан, композитор, Авторлық Кеңес Төрағасының орынбасары

 

Есенәлиев Байғали, Авторлық Кеңестің хатшысы және Қоғамның Бас директоры, Қ.Р.еңбек сіңірген қайраткері

 

Хасанғалиев Ескендір, композитор, Қ.Р. Халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері

Исабеков Дулат, жазушы-драматург, Мемлекеттік сыйлықтың иегері

 

Балғабаев Сұлтанәлі, жазушы-драматург

 

Сапарбаев Исрайыл, ақын-драматург, Тәуелсіз ТАРЛАН сыйлығының иегері

 

Сығай Әшірбек, театр сыншысы, аудармашы, Мемлекеттік және «Тарлан» сыйлығының иегері

 

Асылбеков Серік, жазушы-драматург, Ғылым докторы

 

Питерцев Владимир, композитор, ҚаzАҚ сыйлығының иегері

 

Шапай Тұрсынжан, Қ.Р.еңбек сіңірген қайраткері

 

Бірімгазин Бейбіт, композитор

 

Ізтаев Тұрдықылыш, композитор

 

Жайлыбай Ғалым,ақын, Халықаралық Алаш сыйлығының иегері

 

Тұрысбеков Секен, композитор, Қ.Р.еңбек сіңірген артисі

 

Жуасбеков Еркін, драматург, театр сыншысы

 

Дәукенова Гүлнәр, композитор, ҚаzАҚ сыйлығының лауреаты, Қ.Р еңбек сіңірген артисі 

 

Есебаев Бауыржан, композитор

 

Мәмбетов Әліби, композитор

 

Жаңбыршиев Орынбасар, суретші, Қ.Р.еңбек сіңірген қайраткері

 

Ли Павел, композитор

 

  Тексеру комиссиясының мүшелері:

 

Сейтеков Хабибулла, композитор, комиссия төрағасы

 

Әлдибеков Бақыт, ақын

 

Әбдінұров Әліби, композитор

 

 

Авторлар Кеңесі қажетіне қарай өткізіліп тұрады, алайда жарты жылда бір реттен кем өткізілмеуге тиіс.

Дирекция отырысын қажетіне қарай Бас директор өткізеді, әйтсе де ол үш айда бір реттен кем өткізілмеуге тиіс.

Тексеру комиссиясының отырысы жылына бір рет өткізіліп тұруға тиіс.

СИЗАК-тың деректер базасы

ҚАЗАҚ қана көре алады:
Барлық құқықтары қорғалған.
© KazAK, 2010‑2017
SoftDeCo компаниясының
сайтынәзірлеу және жетілдіру.