Республикалық қоғамдық бірлестік «Қазақстан авторлары қоғамы»
Жарғы 2013
ҚАЗ
РУС
ENG
1998 жылдың 31 шілдесінде
Қоғамның  жалпы жиналысында
бекітілген.
 
Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігінде
1998 жылдың 4 қырқүйегінде
№ 3038 ¬– 1900 – КБ-мен
тіркелген.
 
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ
ҚОҒАМДЫҚ  БІРЛЕСТІК
«ҚАЗАҚСТАН  АВТОРЛАРЫ  ҚОҒАМЫНЫҢ»
ЖАРҒЫСЫ (өзгерістерімен)
Алматы , 2013 жыл.
 
*Жалпы ережелер
*Қоғам қызметінің мәні мен мақсаты
*Қоғамның құқықтары мен міндеттері
*Қоғамдағы мүшелік
*Қоғамның ұйымдық құрылымы
*Қоғамның басқару органдары
*Авторлар Кеңесі
*Авторлар Қоғамының Дирекциясы
*Бөлімшелер мен өкілдіктер
*Қоғамның қаржылары мен мүліктері
*Қоғам Жарғысына  өзгерістер мен қосымшалар енгізу
*Қоғам қызметін тоқтату
*Бөлімшелер туралы Ереже

1.ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
 
1.1. Республикалық қоғамдық бірлестік «Қазақстан Авторлары Қоғамы» (әрмен қарай Қоғам)  - әдебеиет және өнер туындылары авторларының  құқықтарын ҚР Азаматтық кодексіне сай    
ұжымдық негізде басқару үшін құрылған ұйым болып табылады (өзгеріс 23.09.2010 ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген). 
Қоғам коммерциялық ұйым емес және өзінің негізгі қызметімен пайда табуды көздемейді (өзгеріс 23.09.2010 ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген).
Қоғамды осы Жарғыда қарастырылған мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін авторлар мен құқық иеленушілер құрған (өзгеріс 23.09.2010 ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген).
Қоғам өзінің қызметін Қазақстан Республикасы Конституцисына, Азаматтық кодексіне, «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Заңға, Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңының IV тарауына және мүшеліктің еркіндігі мен теңдігі принциптеріне, ашық және демократиялық басқаруға негізделіп,  осы Жарғыға сәйкес іске асырады (өзгеріс 23.09.2010 ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген).
Толық аталуы:
қазақ тілінде: Республикалық қоғамдық бірлестік «Қазақстан Авторлары Қоғамы» (ҚазАҚ);
орыс тілінде: Республиканское общественное объединение «Казахстанское Авторское Общество» (КазАК).
1.2. Қоғам заңды тұлға болып саналады, авторлармен және олардың құқық иелерімен есептесу әрі шаруашылық іс-әрекеттерді жүргізу үшін Қазақстан Республикасы банктерінде есептесу
және валюталық  шоттары мен қоғамның атауы көрсетілген дөңгелек мөрі бар әрі  өз атынан  мүліктік құқық иеленіп, сотта талапкер де, жауапкер де болу міндетін ала алады.
1.3. қоғам өзінің қызметін іске асыруда қолданыстағы заңнамаларға сәйкес  шаруашылығын тәуелсіз жүргізеді және меншік иесі болып  саналады; өз қызметімен  тапқан өзіне тиесілі
мүліктерді, сонымен бірге ақшалай қаржыны өз қалауынша пайдаланады.
1.4. Қоғам мүшелері Қоғамның мойнына алған міндеттеріне жауап бермейді, ал Қоғам  өзінің мүшелерінің мойнындағы міндеттеріне жауап бермейді. Қоғам мемлекеттің және оның
органдарының мойнына алған міндеттеріне, ал мемлекет және оның органдары Қоғамның мойнына алған міндеттеріне жауап бермейді (өзгеріс 23.09.2010 ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген).
1.5. Қоғамның республикалық мәртебесі бар және өз қызметін Қазақстан Республикасының бар аймағында жүргізеді.
1.6. Қоғам халықаралық қоғамдық бірлестіктерге кіре алады әрі халықаралық тікелей қарым-қатынасқа түсіп, байланыс жасай алады, соған орай шарттарға отырады.
1.7. Қазақстан Авторлары Қоғамының мекен-жайы: Алматы қаласы, Желтоқсан көшесі, 29-үй.
 
ІІ. ҚОҒАМНЫҢ ҚЫЗМЕТІНІҢ МӘНІ МЕН МАҚСАТЫ
 
2.1. Қоғам қызметінің мәні – әдебиет және өнер туындылары авторларының мүліктік құқықтарын қорғау әрі олардың Қазақстан Республикасы аумағындағы және шет елдердегі авторлық құқықтарын іске асыру әрі қамтамасыз ету.
Қоғам қызметінің мәніне сондай-ақ авторлар мен құқық иеленушілерге олардың мүліктік құқықтарын келісім негізінде жүзеге асыру және қорғауда көмек көрсету, оған шетелдік ұжымдық басқару ұйымдары берген өкілдік бойынша авторлық құқық нысандарын пайдалануға беруге көмектесу, ондай шығармаларды тіркеу және сақтауға алу да кіреді (өзгеріс 23.09.2010 ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген).
2.2. Қоғамның негізгі мақсаты – қолданыстағы заңнамалардың шеңберінде:
1) әдебиет  және  өнер туындылары  авторларының немесе олардың құқық иеленушілерінің мүліктік құқықтарын, егер оны өздері тікелей  іске асыруға қиналатын жағдайда, ұжымдық негізде басқару (көпшілік алдында орындау, оның ішінде туындыларды механикалық, магниттік жєне өзге де жазбалар түрінде радиода, теледидарда пайдалану, бейнелу және  сәндік-қолданбалы өнер туындыларын, аудиовизуалдық немесе үнжазбаларды өндірісте қайта жасау, көшіру, көбейту және басқа да жағдайларда);
2) әдебиет және өнер туындылары  авторларына  немесе олардың құқық иеленушілеріне туындыларын өз бетінше өзгеге беру кезінде , оларға көмек көрсету;
3) жарияланған музыкалық туындылардың (мәтінімен яки мәтінсіз) және  музыкалық-драмалық туындылардың үзінділерінің жария орындалуда, эфир яки кабель арқылы, соның ішінде ретрансляция да бар, айырықша құқықтарын басқару (өзгеріс 23.09.2010 ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген);
4) аудииовизалды туындыларда пайдаланылған музыкалық туындылардың (мәтінімен яки мәтінсіз) авторларының – композиторлардың жария орындалуда немесе эфир яки кабель арқылы  берілгенде сыйақы алу құқығын жүзеге асыру (өзгеріс 23.09.2010 ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген);
5) фонограммаларды және аудиовизуалды туындыларды өз қажеті үшін  шығаруға байланысты  авторлардың сыйақы алу құқығын жүзеге асыру (өзгеріс 23.09.2010 ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген);
6) кез-келген жарияланған туындылар мен олардың үзінділерін жария орындауға, музыкалық (мәтінімен яки мәтінсіз), драмалық, музыкалық-драмалық, әдеби және басқадай туындыларды  жария орындауға, эфир және/яки кабель арқылы  (соның ішінде ретрансляция да бар), шығаруға, интернет желілері арқылы таратуға, цифрлық-электрондық жолмен таратуға, жалпы көпшілікке жеткізуге байланысты айырықша құқықтарын басқару (өзгеріс 23.09.2010 ж. және 10.10.2013 ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген);
7) авторлардың немесе олардың құқық иеленушілерінің заңды мүдделері үшін мемлекеттік және қоғамдық  органдар мен ұйымдарда өкілеттік ету.
 
III. ҚОҒАМНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
 
3.1. Қоғам Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы заңдар аясында өзінің көздеген мақсатына жету үшін, мынандай құқықтарды пайдалана алады:
өзінің қызметі жайында хабарлар тарату;
жиындар, митингілер,  демонстрациялар, шерулер және пикеттер өткізу ;
бұқаралық ақпарат ќұралдарының құрылтайшысы болу; 
баспа жұмыстарын іске асыру;
үкіметтік емес халықаралық  коммерциялық ұйымдарға кіру;
авторлармен және олардың құқық иеленушілерімен, соның ішінде құқықты ұжымдық негізде басқарушы шетелдік ұйымдармен де, құқықтарын басқаруға беру туралы, тағы басқадай келісім  жасасу (өзгеріс 23.09.2010 ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген);
авторлармен немесе олардың құқық иеленушілерімен келісім-шарт негізінде  Қазақстан Республикасы аумағында , сонымен бірге  шет елдік авторлық-құқықтық ұйымдармен өзара өкілеттік туралы келісім бойынша  шетел аймақтарында да олардың мүліктік құқықтарын  ұжымдық негізде басқаруды  іске асырады;
қоғам өзі басқарып отырған құқықтарды тиісінше пайдалану үшін пайдаланушыларға лицензия береді. 
мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқару барысында Қоғам туындыларды пайдаланушылармен авторлық сыйақының   мөлшерін, сондай-ақ берілетін лицензиялық келісімдердің өзге шарттары жөнінде келіседі;
әдебиет, өнер туындыларын сақтауға алады (10.10.2013 ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген);
қолданыстағы заңнамаларға сәйкес лицензия берілмеген күннің өзінде  авторларға немесе олардың құқық иеленушілеріне сыйақы жинауды, бөлуді және төлеуді іске асырады, оның ішіне  жеке мақсаты үшін  көшіріліп пайдаланылған аудиовизуалдық  туындылар мен үнжазбалар да кіреді;
сыйақы төлеу туралы шарттарда көрсетілген тізім мен мерзімге сай тапсырылуға тиіс сыйақы жинау мен бөлуге қажетті мәліметтер мен құжаттарды  және пайдаланылған авторлық құқық нысандары туралы есепті талап етеді (өзгеріс 23.09.2010 ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген);
қолданыстағы заңнамаларға сәйкес өзара өкілеттік туралы келісімі бойынша шетелдік қоғамдармен және ұйымдармен есеп айырысуды іске асырады;
туындыларды пайдаланушыларды, құқық иелерін және туындыларды  есепке алып отырады;
өзі басқарып отырған құқықтарды қорғау үшін, Қоғам кез-келген заңды әрекеттерді жүзеге асырады;
туындыларды заңсыз пайдаланғаны үшін жауап беретін кез-келген жеке және заңды тұлғаларға, әкімшілік немесе басқа да органдарға Қоғам мүшелерінің өкілі  ретінде өз атынан қуынып, сотқа береді;
талапкерге, жауапкерге, үшінші тұлғаға заңмен белгіленген барлық құқықтармен, соның ішінде  талап арызға қол қою құқығымен, талаптан толығымен, жартылай бас тарту немесе талапты мойындау, тақырыпты және талап негізін өзгерту,  екі жақты бейбіт келісім жасау, өкілеттікті басқа тұлғаға беру (сенімді алмастыру), сот қаулысына, оның  мәжбүрлі түрде орындалу талаптарына шағымдану, сот шешімімен ұйғарылған мүліктер мен ақшаны, оның ішінде авторлық сыйақыны, келтірілген шығынды орнына келтіру үшін белгіленген өтемді алу секілді барлық құқықтарымен барлық сот мекемелерінде өтетін сот мәжілісіне қатысады (өзгеріс 23.09.2010 ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген);
авторлардың немесе олардың құқық иеленушілерінің  берген өкілеттігіне сай Қазақстан Республикасы аумағында жєне одан тысқары жерде де туындыларды пайдалану құқығын беру жөніндегі келісімдерге қатысады;
авторлық құқық нысандарын пайдаланғаны үшін төленген сыйақыны құқық иеленушілерге бөледі, сонымен қатар жиналған сыйақыдан  оны жинауға, бөлуге және төлеуге байланысты болатын шығындарды жабу үшін қажет қаражатты, сондай-ақ Жалпы жиналыстың шешімі бойынша авторлардың мүддесі үшін құрылған қорларға аударылатын сомаларды  ұстап қалып,  тиесілі сыйақыны төлейді (өзгеріс 23.09.2010 ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген);
келісім негізінде заңды және жеке тұлғалардың  Қазақстан Республикасы  аумағында және шетелдерден авторлыќ жєне сабақтас құқықтар алуына құқықтық көмек көрсетеді;
келісім негізінде Қазақстан Республикасы аумағында және одан тысқары жерлерде  авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау жөнінде құқықтық көмек көрсетеді;
көрсетілген құқықтық көмек нәтижесінде есептелетін қаржыны алады және авторларға тиесілісін төлейді;
авторлық құқық және авторлардың мүліктік құқықтарын ұжымдық негізде басқару мәселелері бойынша белгіленген тәртіппен халықаралық  ұйымдардың жұмыстарына қатысады;
өзінің өкілеттігі шеңберінде өзге мемлекеттердегі авторлардың мүліктік құқықтарын ұжымдық негізде басқару қоғамдарымен (ұйымдарымен) өзара өкілеттік туралы келісімдер жасайды, сол секілді өзге мемлекеттердің авторлық құқық және сабақтас құқықтармен айналысатын өзі секілді ұйымдарымен басқа да келісімдерге келеді;
Қоғамға басқаруға берілген құқықтар жөнінде, олардың құқық иеленушілері жөнінде және ондай құқықтардың нысандары жөнінде реестр түзеді (өзгеріс 23.09.2010 ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген); 
мұндай реестрдегі мәліметтерді, автордың рұқсатынсыз  көрсетуге болмайтындарынан басқалары, Қоғам белгілеген тәртіппен жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйе арқылы мүдделі жақтың көруіне мүмкіндік жасалады (өзгеріс 23.09.2010 ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген);
осы жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйеге қоғамға басқаруға берілген құқықтар мен ол авторлық құқық нысандарының аты, авторлары мен құқық иеленушілерінің есімі енгізіледі (өзгеріс 23.09.2010 ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген).
белгіленген тәртіп бойынша авторлық құқықтар жөніндегі заңнамаларды жетілдіре түсу туралы ұсыныстары мен қорытындыларын айтады;
авторлық  құқық мәселелері бойынша Қоғамның қызметіне қатысты жұмыстарға  түсініктер береді;
Қоғам мүшелеріне авторлық құқық саласы бойынша адвокаттық қызметке жатпайтын заңдық қызметтерді тегін көрсетеді (өзгеріс 23.09.2010 ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген);
құқық иелері берген өкілетігіне сай,қолданыстағы авторлық заңнамалардың негізінде және Қазақстан Республикасының  авторлық құқыққа байланысты халықаралық көп жақты және екі жақты  келісімдерге қатысуынан туындайтын авторлық құқықты өзара қорғауды, басқа да әрекеттерді іске асырады;
мемлекеттік аккредитация негізінде ҚР заңнамаларына сәйкес құқықтарын басқаруға беру туралы шартқа отырған құқық иеленушілермен қатар мұндай шартқа қол қоймаған өзге құқық иеленушілердің құқықтарын басқаруды да жүзеге асырады және Қоғам жинаған сыйақыны алуға қақысы бар құқық иеленушілердің бәрін, егер оларды Қоғам мүшелігіне қабылдау заңға қайшы болмаса,  түгелдей мүшелікке қабылдайды (өзгеріс 23.09.2010 ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген);
бұл ретте Қоғамға өкілеттік беру туралы келісімге қол қоймаған құқық иеленуші  түгел  немесе жекелеген құқықтарын  Қоғам басқаруынан алып тастауға ерікті, ол үшін ондай шешімі жөнінде Қоғамға берілмейтін құқықтары мен құқық нысандарын атап,  жазбаша хабарлауға тиіс; Қоғам ондай мәлімдемені алғаннан кейін үш ай ішінде ол туралы ақпаратты жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйе арқылы береді; сонымен қатар құқық иеленушіге тиесілі сыйақысын төлеп беруге міндетті (өзгеріс 23.09.2010 ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген);
Қазақстан Республикасы аумағында Қоғамның бөлімшелерін немесе өкілеттігін құрады;
жарғылық міндеттерді орындау мақсатымен  заңды тұлға құқығына ие  арнайы қорлар, басқа да шаруашылық есептегі ұйымдар құрады;
қолданыстағы заңнамалардың негізінде Қазақстан Республикасы аумағында қозғалмалы және қозғалмайтын мүліктер алуына, салуына, жалға алуына, толықтай шаруашылық жүргізуге және басқаруға алуына болады (өзгеріс 23.09.2010 ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген);
3.2. Қоғам міндетті:
Қазақстан Республикасының заңнамаларын, сонымен бірге осы Жарғыда белгіленген нормаларды сақтауға;
өз мүшелеріне олардыњ құқықтары мен мүдделерін көздейтін құжаттармен, шешімдермен танысып отыру мүмкіндігін жасауға;
мүшелеріне түсіп жатқан ақшалай қаржы мен оның жұмсалуы жөнінде мәлімет, авторлық құқық иелеріне  олардың құқықтарының қалай пайдаланылып жатқаны жайлы есеп беріп отыруға;
лицензиялық келісімдер бойынша жиналған сыйақыларды авторлық құқық иелеріне бөліп, төлеп отыруға;
Қоғам қызметін тиянақты басқарушы  органның мекен-жайындағы өзгерістер мен басшылары жөніндегі мәліметті мемлекеттік бірыңғай тіркелімге кіретін көлемде тіркеуші органға хабарлап отыруға, Қоғамның қызметімен таныстырып отыруға, оның өкілдерін Қоғам өткізетін шараларға кіргізуге (өзгеріс 23.09.2010 ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген).
 
IV. ҚОҒАМДАҒЫ МҮШЕЛІК
 
4.1. Қоғам еркін және жеке мүшелік принципімен құрылады және іс-әрекет жасайды;
4.2. Қоғамның мүшесі бола алатындар:
Қоғамға өздерінің мүліктік құқығын ұжымдық негізде басқаруды тапсыруға келісімін берген авторлар немесе олардың құқық иеленушілері;
құқығын пайдалануға тікелей өзі беруіне байланысты Қоғамның көмегін алуға келісім беретін авторлар яки олардың құқық иеленушілері;
4.3. шетел азаматтары және азаматтығы жоқ жандар да Қоғамның мүшесі бола алады.
Қоғам мүшелері құқылы: 
Қоғамның басқару және бақылау-тексеру органдарын сайлауға және оған сайлануға;
Қоғамның Жалпы жиналысына (Конференцияға) шешуші дауыспен делегат болып сайлануға және сайлауға (өзгеріс 23.09.2010 ж.  және 10.10.2013ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген);
Қоғамның қызметіне жататын мәселелер жөнінде Қоғам органдарына өз ұсыныстарын енгізуге және ол мәселелердің талқылануына қатысуға;
Жиналыс құзырына  кіретін мәселелер бойынша Қоғам мүшелерінің жиналысында дауыс беруге;
ақпараттық-әдістемелік және құқықтық көмек алуға; шетелдік әріптестермен байланыс жасау үшін Қоғам көмегін пайдалануға және олармен жүргізілетін келіссөздерге қатысуға;
өзіне тиесілі авторлық сыйақысын алғанда, пайдаланылған авторлық құқық жєне сабақтас құқықтар нысаны туралы және есептелген сыйақы жөнінде мәліметтерді талап етуге.
4.4. Қоғам мүшесі міндетті:
қоғам алдында тұрған міндеттердің орындалуына атсалысуға және осы Жарғы талаптарын сақтауға;
осы жарғының, Қоғамның өзге де нормативтік актілерінің ережелерін, Қоғамның басшы органдарының шешімдерін  сақтауға (өзгеріс 23.09.2010 ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген);
Қоғам жұмысына қатысуға;
Қоғамға қатысты мойнына алған міндеттерін дер кезінде орындауға;
Қоғам қызметіне қатысты мәселелерді шешу үшін қажет ақпараттарды беруге (өзгеріс 23.09.2010 ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген).
4.5. Қоғамға мүшелікке қабылдау авторлардың немесе олардың құқық иеленушілерінің Қоғаммен жазбаша түрде жасалған келісім-шарттары бойынша жүргізіледі.
Мүшелікті тоқтату Қоғаммен жасалған келісім-шартты бұзу жөнінде жазбаша арыз берген сәттен басталады.
 
V. ҚОҒАМНЫҢ БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫ
 
5.1. Қоғамның жоғары органы болып 5 жылда бір рет шақырылатын Жалпы Жиналыс (Конференция) саналады. Жиналыстар аралығында Қоғам жұмысына басшылық жасауды Авторлар Кеңесі атқарады. Дирекция атқарушы орган болып табылады». Жалпы жиналасты (Конференцияны)  шақыру және оны өткізу ретін Авторлар Кеңесі анықтайды (өзгеріс 23.09.2010 ж. және 10.10.2013 ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген).
Қоғамның кезектен тыс Жалпы Жиналысы (Конференциясы) Авторлар Кеңесінің жеке бастамасымен немесе Қоғам мүшелерінің ең кемі тең жарымының талабы бойынша шақырылады (өзгеріс 10.10.2013ж. енгізілген).
5.2. Жалпы Жиналыстың ерекше құзіреті болып:
Қоғамның Жарғысын қабылдау және оған өзгертулер мен толықтырулар енгізу;
Қоғамның басқару органдарының құзыретін, ұйымдық құрылымын, қалыптасу тәртібін және олардың өкілеттігінінің тоқтатылуын белгілеу (өзгеріс 23.10.2008 ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген);
Қоғамның Авторлар Кеңесі мен Тексеру комиссиясын сайлау;
әрі Қоғамның, әрі Авторлар кеңесінің төрағасы болып табылатын Қоғамның төрағасын сайлау (өзгеріс 23.10.2008 ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген);
атқарушы органдардың қаржылық есептерін тапсыру ретін және оның мерзімдерін, сондай-ақ бақылаушы органдар жүргізетін тексерулер тәртібі мен олардың қорытындыларын белгілеу (өзгеріс 23.08.2008 ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген);
Авторлар Кеңесінің және Тексеру комиссиясының, соның ішінде Қоғамның қаржылық қызметі туралы есебін бекіту (өзгеріс 23.10.2008 ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген);
Туындыларды пайдаланғаны үшін  авторлық сыйақының төменгі мөлшерін, сондай-ақ жиналған сыйақыларды бөлу және төлеу әдістерін белгілеу (өзгеріс 23.10.2008 ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген);
Қоғамның жарғылық міндеттерін орындауына байланысты жұмсалатын  шығындарды жабу мақсатына жиналған және /яки/ алынған қаржыдан ұсталатын комиссиялық сома мөлшерін белгілеу (өзгеріс 23.10.2008 ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген);
жиналған және (немесе) алынған авторлық сыйақы сомасынан Қоғамның жарғылық міндеттерді орындау барысында жұмсаған шығындарын жабу үшін ұсталатын қаражат  мөлшерін белгілеу (өзгеріс 23.10.2008 ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген);
Қоғам қасынан арнайы қорлар құру және құрылған қорларға авторлық сыйақыдан бөлінетін қаржының мөлшерін белгілеу (өзгеріс 23.10.2008 ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген).
Заңнамаларда бекітілген шеңберде Қоғамның өзге заңды тұлғаларды құру мен оның жұмысына, сондай-ақ өз бөлімшелері мен өкілідіктері жұмысына қатысу туралы шешімдер қабылдау (өзгеріс 23.08.2008 ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген);
Қоғамның жұмысын тоқтату туралы мәселерді шешу саналады.
Қоғам мүшелерінің ең кемі 25 % яки сайланған делегаттардың жарымынан астамы қатысқанда ғана  Жалпы Жиналыс заңды күшінде деп саналады. Жиналыс  дауыс берудің жасырын немесе ашық түрін анықтайды. Жалпы Жиналыста (конференцияда) дауысқа қойылған мәселе жай ғана көпшілік дауыспен қабылданады (өзгеріс 23.10.2008 ж. және 10.10.2013ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген).
Авторлар Кеңесі жылдық қортынды бойынша Дирекцияның есебін тыңдау  және ағымдағы мәселелерді талқылау үшін  жылына бір жиналыс өткізіп тұруға хақылы. Жыл сайынғы есеп  беру  жиналысында  кворум талап етілмейді (өзгеріс 23.10.2008 ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген).
5.3. Авторлар Кеңесі Жалпы Жиналыста Қазақстан Республикасындағы әдебиет пен өнердің көрнекті әрі жігерлі қайраткерлерінен – 19-21 адам құрамында 5 жылға сайланады.
Авторлар Кеңесі қажетіне қарай Авторлар Кеңесі төрағасының шақыруымен жиналады, бірақ  кемінде 6 айда бір рет өтуге тиіс.
Жиналыстар аралығында Авторлар Кеңесінде бос орын пайда болған жағдайда (мүшелерінің науқастығына, шет елге тұрақты  көшіп кетуіне, мүшеліктен шығуына байланысты, т.с.) Кеңес өз қатарын Қоғамның белсенді  де беделді мүшелері есебінен толықтырады.  Бұл мәселе Авторлар Кеңесі тізіміндегі мүшелердің  2/3 бөлігі дауыс беруімен шешіледі (өзгеріс 26.03.2002 ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген).
Авторлар Кеңесі құрамының ½-і  не одан да көп бөлігі кеміп қалған жағдайда   Кеңестің жаңа құрамын сайлау үшін, 6 ай ішінде Қоғам мүшелерінің кезектен тыс Жалпы жиналасы (конференциясы) шақырылады.
 
5.4. Авторлар Кеңесі:
 
Авторлар Кеңесі Авторлар Қоғамының бүкіл қызметін бағыттаушы және бақылаушы орган болып табылады (өзгеріс 23.10.2008 ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген);
Кезекті Жалпы жиналысты өткізу тәртібі мен мерзімін, қаралар мәселелерді, Қоғам мүшелерінің жалпы санына орай шешуші дауыспен қатысуға тиіс делегаттардың санын анықтайды (өзгеріс 23.10.2008 ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген);
Егер Қоғамның құрметті төрағасы өз міндетін атқара алмаса немесе қызыметін асыра пайдаланса, кезектен тыс Жиналыс шақырып, Қоғам төрағасын қайта сайлау туралы мәселе қояды (өзгеріс 23.10.2008 ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген);
Авторлар Қоғамының Бас директорын 5 жылға сайлайды (өзгеріс 23.10.2008 ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген).
Авторлар Қоғамы дирекциясының құрамын бекітеді (өзгеріс 23.10.2008 ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген).
Екі Жиналыс аралығында жаңадан ашылған  шығарманы пайдалану түрлеріне байланысты авторлық сыйақының ұжымдық негізде басқарылатын құқықтарға қатысты төменгі тарифтік мөлшерін (пайыздық, паушалдық) іс жүзінде қолданып көру мақсатымен  енгізеді  де, кейін кезекті яки кезектен тыс Жиналыстың бекітуіне ұсынады; Жалпы Жиналыс бекіткенге дейін ол нормативтік күші бар деп саналады; Жиналыс бекітуіне салынбай қалса, ондай шешім күшін жояды (өзгеріс 23.10.2008 ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген).
Жаңадан құрылған қорларға авторлық сыйақыдан бөлінетін мөлшерді талқылайды және оны Жалпы жиналыстың бекітуіне ұсынады (өзгеріс 23.09.2010 ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген).
әдебиет және өнер туындыларын сақтауға алуға байланысты төлем мөлшерін белгілейді (өзгеріс10.10.2013 ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген);
Бөлімшелерді құру мәселесін қарайды және олардың Ережесін дайындайды;
Қоғамның бюджетін және штат кестесін бекітеді;
Қоғамның өткен жыл кезеңіндегі  қаржылық-шаруашылық қызметінің қорытынды есебін қарайды және құптайды немесе шара қолданады (өзгеріс 23.09.2010 ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген); 
өз бастамасымен яки Қоғам дирекциясының  ұсынысы бойынша  аппараттың ішкі қызметінің тәртібін бекітеді;
Жиналған авторлық сыйақыны бөлу және төлеу реттерін қарайды және құптайды;
Қоғамның жаңа ашылған арнайы қорларының Ережелерін қарайды және құптайды (өзгеріс 23.09.2010 ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген); 
Әлеуметтік Қордың ақша қаржысын жұмсау және Әлеуметтік қор қаржысы есебінен авторларға қаржылай көмек көрсету жөнінде шешім қабылдайды және (немесе) осы мәселе жөнінде Дирекция қабылдаған шешімді бекітеді (өзгеріс 23.09.2010 ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген); 
Авторлар Кеңесі мүшелерінің яки осы саланың мамандары арасынан Авторлар Кеңесі төрағасының орынбасарлары мен жауапты хатшысын тағайындайды (өзгеріс 23.09.2010 ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген);
Бас директордың ұсынуы бойынша құқық иелерімен жасалатын келісім түрлерін бекітеді, Қоғамға мүшелікке қабылдау және мүшеліктен шығару тәртібін бекітеді (өзгеріс 23.09.2010 ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген);
Құрамына авторлық  құқық саласындағы мамандар кіретін  Қоғам қызметінің негізгі бағыттары бойынша кеңес беретін комиссия құрады;
Қоғамның Бас директоры өз міндетін атқара алмаған  немесе қызмет бабын жөнсіз пайдаланған жағдайда оны  Дирекция мүшелерімен біріккен отырысында оны орнынан босатып, Қоғам мүшелері арасынан немесе авторлық құқық саласының білгір мамандары ішінен жаңа басшы тағайындайды (өзгеріс 23.10.2008 ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген).
Тездетіп шешілуді  қажет ететін, бірақ  Авторлар Кеңесінің құзырына кірмейтін күрделі мәселелер жөнінде шешім қабылдау үшін, қаражат үнемдеу және уақыт ұту мақсатымен, Қоғам мүшелері тарапынан өкілеттік берілген конференция өткізеді. Конференцияға қатысатын делегаттар санын Қоғам мүшелерінің жалпы санына шағып белгілейді. Конференция шешімінің екі Жиналыс аралығында заңды күші бар деп саналады, кейіннен қажеттілік туып жатса, кезекті Жалпы Жиналыста бекітілетін болады (өзгеріс 23.10.2008 ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген).
Дирекция басшыларының, құрылымдар жетекшілерінің  Қоғамдағы, бөлімдер мен аймақтардағы жағдай туралы баяндамасын тыңдайды (өзгеріс 23.10.2008 ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген).
Авторлар Кеңесі төрағасының және Тексеру комиссиясының бастамасы бойынша  Жалпы жиналыстың тікелей құзырына кірмейтін басқа да мәселелерді қарайды және шешім қабылдайды;
Осы Жарғыда белгіленген басқа да  өкілеттіктерді іске асырады.
5.5. Авторлар Кеңесі мүшелерінің 2/3 бөлігі қатысса ғана Кеңес отырысының заңды күші бар деп саналынады.
Шешім мәжіліске қатысқан Кеңес мүшелерінің жай ғана көпшілік дауысымен  қабылданады.
 
5.6. Қазақстан авторлары Қоғамының құрметті төрағасы.
 
Қоғамның мүшесі саналатын әрі еліміздегі әдебиет пен өнердің дамуына, сондай-ақ авторлық құқықтың қалыптасуына және дамуына қомақты үлес қосқан әдебиет пен өнер қайраткерлері ішінен Жалпы Жиналыс 5 жылға Авторлар Қоғамының құрметті төрағасын сайлайды. Құрметті төраға авторлар Кеңесі төрағасы міндетін қоса атқарады (өзгеріс 23.10.2008 ж. және 10.10.2013 ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген).
Қоғамның құрметті төрағасы авторлардың Қазақстан Республикасы территориясындағы мүліктік құқығын қорғау жұмысын ұйымдастыру және іске асыруға қатысты барлық жұмыстарды үйлестіреді, Дирекцияның шаруашылық-қаржылық қызметін бақылайды (өзгеріс 23.10.2008 ж.және 10.10.2013ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген).
 
5.7. Авторлар Кеңесінің төрағасы:
Кеңес төрағасы Авторлар Кеңесінің қарауына жататын мәселелерді дайындауға жалпы басшылық жасайды (өзгеріс 23.10.2008 ж. және 10.10.2013ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген);
Қоғам мүшелерінің Жалпы Жиналсын ашады және оның жұмысын жүргізеді (өзгеріс 23.10.2008 ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген).
Ең кемі 5 жылда бір рет кезекті яки кезектен тыс Жалпы жиналыста Қоғамның жұмысы туралы, соның ішінде қаржылық та бар, есебін Жалпы жиналыстың бекітуіне ұсынады (өзгеріс 23.10.2008 ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген);
Авторлар Кеңесінің отырысында төрағалық етеді және оны жүргізеді;
Қоғамдағы жағдай жөнінде  Авторлар Кеңесіне баяндайды;
Мемлекеттік органдармен және мекемелермен, қоғамдық  ұйымдармен, шетелдік мекемелермен байланыстарда Қоғам  атынан сенімхатсыз өкілдік етеді (өзгеріс 23.10.2008 ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген).
Қоғам аппараты жұмысын жандандыру мақсатымен өз құзырына орай ішкі қызметтерінде пайдаланылатын нормативтік актілер, нұсқаулықтар дайындап, Авторлар Кеңесінің қабылдауына ұсынады (өзгеріс 23.10.2008 ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген).
5.8. Авторлар Кеңесінің бекітуіне Бас директордың кандидатурасын және өзге мүшелерін ұсынады.
Авторлар Кеңесі мүшелері ішінен Кеңес төрағасы орынбасары мен жауапты хатшысының кандидатурасын Авторлар Кеңесінің бекітуіне ұсынады; Жауапты хатшы Авторлар Кеңесі отырысының хаттамасын жүргізеді, Авторлар Кеңесі отырысында қаралатын мәселелерді дайындайды, Авторлар Кеңесі  мен Тексеру комиссиясының ара қатынасын үйлестіреді. Авторлар Кеңесі төрағасы мен орынбасары жоқ кезде Кеңестің отырысында басшылық жасайды (өзгеріс 23.10.2008 ж.және 10.10.2013ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген).
 
Авторлар Қоғамының Дирекциясы.
 
5.9. Авторлар Кеңесі Қоғамның мүшесі болып табылатын әдебиет пен өнердің белгілі қайраткерлерінен, авторлық құқық мамандырынан және Қоғамның басшы қызметкерлерінен жалпы саны 5 адамнан тұратын Авторлар Қоғамының Дирекциясы құрамын бекітеді; дирекция құрамына Бас директор, оның орынбасарлары, басқармалар яки өзге құрылым басшылары кіреді (өзгеріс 23.10.2008 ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген).
Дирекция құрамына сондай-ақ құқық иеленушілер, осы саланың мамандары да кіре алады (өзгеріс 23.09.2010 ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген); 
Дирекцияда бос орын пайда болған жағдайда (мүшелерінің науқастығына, шетелге тұрақты  көшіп кетуіне, мүшеліктен шығуына байланысты, т.с.) Дирекция өз қатарын Қоғамның белсенді де білікті мүшелері есебінен толықтырады.  Бұл мәселе Авторлар Кеңесі мен Дирекция мүшелерінің бірлескен отырысында жалпы құрамның 2/3   бөлігі дауыс беруімен шешіледі (өзгеріс 23.10.2008 ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген).
5.10. Қоғам дирекциясы:
Ұйымның ағымдағы жұмыстарын жүргізіп, бүкіл қызметіне дер кезінде шұғыл шешім қабылдап,  басшылық жасайтын басқарушы және атқарушы органы болып табылады (өзгеріс 23.10.2008 ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген);
Қоғам беретін лицензия бойынша уақыт талабына және жағдайға орай туындайтын келісімнің шарттарын, сондай-ақ туындыларды пайдаланушылар төлейтін авторлық сыйақының мөлшерін келісу жөніндегі мәселелерді шешеді (өзгеріс 23.10.2008 ж. және 10.10.2013 ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген);
Авторлар Кеңесі бекіткен жалпы сметалық қаражат шеңберінде Қоғам аппаратының құрылымын және штаттық кестесін бекітеді (өзгеріс 23.10.2008 ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген);
Қаржылық-шаруашылық  істерге байланысты мәселелерді қарайды, қабылданған шешімдердің орындалуын тексереді (өзгеріс 23.10.2008 ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген);
Қоғамның құрылымдық  бөлімшелерінің  және олардың аппараттарының есебі  мен баяндамасын тыңдайды (өзгеріс 23.10.2008 ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген);
Қоғам аппаратының барлық дәрежедегі қызметкерлерінің еңбек ынтасын арттыру мақсатымен, бюджетте қаралған мөлшер шеңберінде қызметтік еңбекақы, қосымша ақы, сыйлықтар мен өзге де сыйақылардың мөлшерін белгілейді (өзгеріс 23.10.2008 ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген);
Қоғамның Авторлар Кеңесі мен Дирекциясының штаттағы Қоғам қызметкері болып есептелмейтін белсенді мүшелерінің Авторлар Кеңесі мен Дирекцияның мүшесі ретінде атқарған қызметіне байланысты шығындарын өтеу мәселесін шешеді (өзгеріс 23.10.2008 ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген);
Жарғыдан туындайтын және Жалпы жиналыс пен Авторлық Кеңестің ерекше құзырына жатпайтын өзге де мәселелерді қарайды (өзгеріс 23.10.2008 ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген);
Дирекцияның отырысы қажетіне қарай Бас директордың шақыруы бойынша ең кемі 3 айда 1 рет өтеді (өзгеріс 23.10.2008 ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген);
Дирекцияның шешімі жай көпшілік дауыспен қабылданады;
Егер дауыс теңдей бөлініп жатса, Бас директор екі дауысқа ие болады (өзгеріс 23.10.2008 ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген).
 
Авторлар қоғамының Бас директоры.
 
5.11. Бас директор бүкіл ұйымдастыру-шаруашылық қызметіне жауап береді және Қоғам дирекциясының жұмысына жетекшілік етеді, барша мемлекет, сот органдарында, қоғамдық, коммерциялық, тағы басқадай ұйымдарда Қоғам атынан сенімхатсыз өкілдік етеді (өзгеріс 23.10.2008 ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген);
Дирекция отырыстарында төрағалық етеді және онда  қаралатын мәселелерді дайындайды (өзгеріс 23.10.2008 ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген);
Өз бұйрығымен Қоғам аппаратына қызметкерлер қабылдауды және жұмыстан босатуды  іске асырады, ерекшеленген қызметкерлерді ынталандырады, тәртіптік шаралар қолданады, бөлімдер мен меңгерімдер басшыларын тағайындайды (өзгеріс 23.10.2008 ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген);
Авторлар Кеңесінің келісімімен Қоғам мүшелері қатарынан және авторлық құқық  саласының мамандарынан өзінің орынбасарларын тағайындайды (өзгеріс 23.10.2008 ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген);
Егер мұқтаждық болса, Бас директор Авторлар Кеңесімен келісе отырып, штат кестесіне әртүрлі бақылаушы, атқарушы құрылымдар мен  лауазымдар енгізе алады (өзгеріс 23.10.2008 ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген);
Авторлар Кеңесіне және Дирекция құрамына Қоғамдағы жағдай жөнінде баяндайды (өзгеріс 23.10.2008 ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген);
әртүрлі  қоғамдық бірлестіктермен, шетелдік ұйымдармен байланысқа түсіп, Қоғам атынан өкілдік етеді (өзгеріс 23.09.2010 ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген);
Қоғам аппараты жұмысын жандандыру мақсатымен өз құзырына орай ішкі қызметтерінде пайдаланылатын нормативтік актілер, нұсқаулықтар дайындап, Авторлар Кеңесінің қабылдауына ұсынады (өзгеріс 23.10.2008 ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген);
Өзіне берілген өкілеттік  шеңберінде Қоғам мүлкі мен қаржысына билік жасайды; Қоғамды қаржыландыру және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету мәселелерін шешеді, сол үшін әрекет жасайды, келісімге отырады, бұйрықтар, өкімдер, нұсқаулықтар, басқадай нормативтік, ұйымдастыру-тапсыру және қаржылық-шаруашылық құжаттарын шығарады (өзгеріс 23.09.2010 ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген);
Қоғам бюджетін Авторлар Кеңесінің бекітуіне  ұсынады және оның орындалуы жөнінде есеп береді (өзгеріс 23.10.2008 ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген);
Қоғамның Бас директоры Авторлар Кеңесінің құрамына лауазымына байланысты енеді; авторлар Кеңесінің шешімімен орнынан босатылған жағдайда, егер ол Қоғам мүшесі саналатын автор болмаса,  Авторлар  Кеңесі  құрамынан да шығарылады (өзгеріс 23.10.2008 ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген);
5.12. Осы Жарғының сақталуын, Қоғамның қаржылық-шаруашылық ісін, мүлкі мен есебін тексеру үшін, Жалпы жиналыс Авторлар  Кеңесі мен  Дирекция құрамына кірмейтін үш адамнан 5 жылдық мерзімге Тексеру комиссиясын сайлайды (өзгеріс 23.10.2008 ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген);
Тексеру комиссиясы өзінің Төрағасын, оның орынбасарын және хатшысын сайлайды (өзгеріс 23.10.2008 ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген);
Тексеру комиссиясы өз жұмысын қамтамасыз ету үшін Қоғамның қаржылық және басқадай құжаттарымен танысуға және Қоғам мүшелерін тартуға құқылы (өзгеріс 23.10.2008 ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген);
Тексеру комиссиясы ең кемі 5 жылда бір рет кезекті яки кезексіз Жалпы жиналысқа, Конференцияға  өзі өткізген Қоғамның қаржылық қызметіне жасаған тексерулерінің қорытындылары жөнінде есеп береді (өзгеріс 23.10.2008 ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген);
Тексеру комиссиясының отырысы жылына кемінде бір рет өтеді (өзгеріс 23.10.2008 ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген);
Тексеру комиссиясының ұсыныстары Авторлар Кеңесіне және Жалпы жиналыстың қарауына енгізіледі (өзгеріс 23.10.2008 ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген);
Шешімдер Тексеру комиссиясының отырысына қатысқан мүшелерінің жай ғана көпшілік дауысымен қабылданады (өзгеріс 23.10.2008 ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген).
 
VI. ҚОҒАМНЫҢ ҰЙЫМДЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ
 
6.1. Қоғамның ұйымдық құрылымы Қазақстандағы аймақтық белгілері бойынша құрамында 10-нан кем емес азаматтары бар бөлімшелерді құрайды.
6.2. Бөлімшелер заңды тұлға болып саналмайды, олар Қоғам Жарғысының негізінде және бөлімшелердің типтік  Ережелері бойынша әрекет етеді.
6.3. Бөлімшелердің басшылары жергілікті авторлар қауымдастығының жалпы Жиналысында 5 жылдық мерзімге сайланады және Қоғам берген сенімхатпен жұмыс істейді.
6.4. Қазақстан Авторлар Қоғамының бөлімшесі авторлардың немесе олардың құқық иеленушілерінің мүліктік құқықтарын қорғайтын Қоғамның құрылымдық тармағы болып танылады.
6.5. Бөлімшелер аймақтық әділет органында тіркелген күннен бастап өздері жөніндегі Ережелер негізінде Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің бөлімшелер үшін жасаған нормативтік актілері бойынша есептік тәртіпке сәйкес Қазақстан Республикасы банктерінде есеп-шот ашуға және белгіленген үлгідегі мөр, бланк ұстауға құқылы.
6.6. Бөлімшелер өзінің қызметін Қазақстан Республикасының заңнамаларына, осы Жарғыға және бөлімшелер жөніндегі Ережеге сәйкес жүргізеді.
 
VII. ҚОҒАМНЫҢ ҚАРЖЫСЫН ЖӘНЕ БАСҚА
МҮЛІКТЕРІН ҚҰРАЙТЫН КӨЗДЕР
 
7.1. Осы Жарғыда қарастырылғандай, Қоғам өз қызметін материалдық тұрғыдан қамтамасыз ету үшін үй, ғимарат, тұрғын үй қоры, автокөлік, құрал-жабдық, техникалық саймандар және басқа да мүліктерді өз меншігінде ұстайды. Қоғам өз меншігіне , ҚР және одан  тыс аумақтардан жер телімдерін, жылжымалы және жылжымайтын мүлікктер алуға, меншігінен шығаруға, жалға алуға  хақылы (өзгеріс 23.09.2010 ж. және 10.10.2013ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген);
Қоғамның ақшалай қаржылары мынадан құралады:
Қоғам күнелту үшін және оның жарғылық қызметтерін атқару үшін ұсталатын (құқық қорғаушылар үшін жиналған сыйақыдан ұсталатын сыйақыны жинау, бөлу және төлеуге байланысты шығынды жабуға) сомадан (өзгеріс 23.09.2010 ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген);
Қазақстан Республикасында жиналған және шетелдерден мүліктік құқықты ұжымдық негізде басқару арқылы түсетін авторлық сыйақы сомасынан;
Қоғамның есебіне түскесін, үш жылға дейін иесі табылмаған авторлық сыйақылардан;
отандық және шет елдік ұйымдардың, одақтардың, фирмалардың, кәсіпорындардың, мекемелердің және жекелеген азаматтардың ақшалай, заттай немесе мәдени құндылық, жылжымайтын мүлік тұрғысында өз еріктерімен берген жарнасы, аударымы және сыйлығынан;
заңмен шектелмеген басқа да түсімдерден;
Қоғам бухгалтерлік есеп жүргізеді және ҚР заңнамаларында бекітілген тәртіп бойынша бухгалтерлік және статистикалық есептер тапсырады. 
Республикалық қоғамдық бірлестік «Қазақстан Авторлары Қоғамының» барлық мүлкі және ақшалай қаржысы оның меншігі болып табылады, алайда Қоғамдық бірлестік ретінде оны мүшелері өзара бөлісе алмайды, тек қана Қоғамның жарғылық  міндеттерін орындау үшін пайдаланады (өзгеріс 23.09.2010 ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген);
Мүлік пен ақшалай қаржыны Қоғамның меншігіне тапсыру немесе пайдалануға беру Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес белгіленеді.
Бөлімшелер Қоғам берген мүліктерді пайдаланады.
Авторлар Кеңесі бекіткен сметаға сәйкес ақшалай қаржыға Қоғамның Бас директоры билік етеді (өзгеріс 23.09.2010 ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген);
7.2. Қоғам өз іс-әрекетінің мақсаты мен міндеттерін орындау, материалды-техникалық, әлеуметтік базасын дамыту және өзін-өзі басқаруды қамтамасыз ету барысында қолданыстағы заңнамаларға қайшы келмейтін басқа да іс-әрекетті іске асыруға құқылы.
 
VIII. ҚОҒАМ ЖАРҒЫСЫНА ӨЗГЕРТУЛЕР
МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗУДІҢ ТӘРТІБІ
 
8.1. Қоғам Жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу тек Қоғамның Жалпы жиналасының ғана құзырында.
Енгізілмекші өзгертулер мен толықтырулар Қоғам төрағасының, Қоғам дирекциясының немесе  Авторлар Кеңесінің жартысынан көбінің, Қоғам мүшелерінің 1/3–інің бастамасымен алдын ала Авторлар Кеңесіне ұсынылып, талқыланып барып, Жиналыстың күн тәртібіне кіргізіледі (өзгеріс 23.09.2010 ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген).
 
IХ. ҚОҒАМ ҚЫЗМЕТІН ТОҚТАТУ
 
9.1. Қоғам қызметі Жалпы жиналыс шешімімен, егер жиналысқа қатысқандардың 2/3-ден басым бөлігі шешімді қолдап дауыс берген жағдайда немесе сот органдарыныњ шешімі бойынша жою яки қайта құру жолымен тоқтатылады.
9.2. Қайта құру немесе жою Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
9.3. Жалпы жиналыс Қоғамның қызметін тоқтату туралы шешім қабылдағаннан кейін, жою комиссиясын тағайындайды және ҚР заңнамаларына сәйкес Қоғам жұмысын тоқтататын мерзімді белгілейді. Жиналыстың шешімін орындау, Қоғам жұмысын тоқтату туралы шешім қабылдағанға дейін жиналған авторлық сыйақыны бөлу және төлеп беру, жою комиссиясына жүктеледі (өзгеріс 23.09.2010 ж. Жалпы жиналыс шешімімен енгізілген). 
9.4. Жиналыс шешімімен жойылған Қоғамның мүлкі мен қаржысы осы Жарғыда қарастырылған мақсатқа жұмсалады.
9.5. Мемлекеттік тіркеуден шығарылған күннен бастап Қоғам өз іс-әрекетін тоқтатты деп саналады.
 
 
 
 
Қоғамның төрағасы                                                                                    М. Ысқақбай
 
 
 
 
 
 
 
 
Республикалық қоғамдық бірлестік
«Қазақстан Аторлары Қоғамының»
Жалпы жиналысы  бекіткен
 
 
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІК
«ҚАЗАҚТАН АВТОРЛАРЫ ҚОҒАМЫНЫҢ»
БӨЛІМШЕЛЕРІ ТУРАЛЫ
 
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ
 
1.1. Бөлімшелер заңды тұлға болып саналмайды, Қоғамның Жарғысы негізінде және “Қазақстан Авторлары Қоғамының Бөлімшелер туралы Ережесі” негізінде әрекет етеді.
Қазақстан авторлары қоғамының Бөлімшесі белгілі бір облыс аумағында Қоғамның міндетерін түгелдей немесе жекелеген міндеттерін атқаратын құрылымдық тармағы болып саналады. 
Бөлімшенің басшысы жергілікті авторлар қауымының Жиналысымен 5 жылдық мерзімге сайланады және Қоғам берген сенімхатпен әрекет етеді.
Бұл Ереже Қоғам Жарғысының талаптарына сай жасалған.
1.2. Бөлімше Қоғамның құрылымдық тармағы болып танылуы үшін, осы Ереженің негізінде әділет органдарының есебіне тіркеледі.
Бөлімше тізімге тіркелген сәттен бастап есеп ашуға, мөр, штамп, белгіленген үлгідегі бланк ұстауға құқылы.
1.3. Бөлімше өз қызметін Қоғамның Авторлық Кеңесінің төрағасы  берген сенімхат негізінде Қоғамның атынан жүзеге асырады.
1.4. Бөлімшенің мекен-жайы:
1.5. Қоғамның атауы мен мекен-жайы: Республикалық қоғамдық бірлестік «Қазақстан Авторлары Қоғамы», Алматы қаласы, Желтоқсан көшесі, 29-үй.
1.6. Бөлімшенің толық атауы:
Қазақ тілінде: Республикалық қоғамдық бірлестік «Қазақстан Авторлары Қоғамының» бөлімшесі.
Орыс тілінде: филиал Республиканского общественного объединения  «Казахстанкое авторское общество».
1.7. Бөлімше қызметінің мерзімі шектеусіз.
 
2. БӨЛІМШЕ ҚЫЗМЕТІНІҢ
МАҚСАТЫ МЕН МӘНІ
2.1. Бөлімше қызметінің мәні әдебиет және өнер туындылары авторларының мүліктік құқығын қорғау және авторлар құқығын сол аймақта іске асыру және қамтамасыз ету болып табылады.
2.2. Қолданыстағы заңнама талаптары шеңберіндегі Бөлімшенің негізгі мақсаттары мынадай:
1) әдебиет және өнер туындылары авторларының немесе олардың құқық иеленушілерінің мүліктік құқықтарын, егер оны тікелей іске асыруда қиындықтар туындайтын жағдайда (көпшілік алдында орындау, оның ішінде туындыларды механикалық, магниттік және өзге де жазбалар түрінде радиода, теледидарда пайдалану, бейнелу және сәндік қолданбалы өнер туындыларын, аудиовизуалдық немесе үнжазбаларды өндірісте қайта жасау, көшіру, көбейту және басқа да жағдайларда) ұжымдық негізде басқару;
2) авторларға немесе олардың құқық иеленушілеріне әдебиет және өнер туындыларын пайдаланушыларға тікелей өзі беретін кездерде, оларға көмек көрсету;
3) авторлардың немесе олардың құқық иеленушілерінің заңды мүдделеріне мемлекеттік және қоғамдық органдар мен ұйымдарда өкілдік ету.
 
3. БӨЛІМШЕЛЕРДІ БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫ
 
3.1. Кемінде бес жылда бір рет шақырылатын Бөлімше жиналысы оның жоғарғы органы болып саналады. Кезектен тыс жиналыс Бөлімше Кеңесінің бастамасымен немесе Қоғам мүшелерінің 1/3 бөлігінің талабы бойынша немесе Қоғамның Авторлар Кеңесінің ұсынысы бойынша шақырылады.
3.2. Жиналыстың шақырылуы, мерзімі, күн тәртібінде қаралатын мәселелер жайында Кеңес бір айдан кешіктірмей хабарлайды. Жиналасқа Бөлімше мүшелерінің жарымынан көбі қатысқанда ғана жиналыс заңды күшінде деп саналады және жиналасқа қатысушылардың жарымынан көбі дауыс берсе, шешім қабылданды деп есептелінеді. Дауыс берудің ашық немесе жабық (жасырын) түрін жиналыс анықтайды
3.3. Бөлімше жиналысы:
Бөлімше қызметінің алдағы кезеңдегі негізгі бағыттарын анықтайды;
жиналыс белгілеген құрам мөлшерінде Бөлімше Кеңесін және  оның  төрағасын бес жылдық мерзімге сайлайды, олардың есептерін тыңдайды және бекітеді;
Қоғамның Жалпы жиналысына делегаттар ұсынады;
Бөлімше атына айтылған сындар мен түскен ұсыныстарды қарайды;
Бөлімше қызметіндегі басқа да маңызды мәселелерді қарайды және шешеді.
3.4. Жиналастар аралығы кезеңінде Бөлімшенің басшы органы ретінде Кеңес саналады. Кеңестің отырысы кемінде жарты жылда бір рет өтеді  және мүшелерінің жарымынан көбі қатысқанда заңды күші бар деп есептелінеді. Отырысқа қатысушы Кеңес мүшелерінің көпшілік дауысымен ғана шешім қабылданады.
3.5. Бөлімше Кеңесі:
өкілеттік мерзімге Төрағаның орынбасарын сайлайды;
алдағы мерзімнің табыстары мен шығыстарының сметасын бекітеді;
Бөлімше аппаратындағы штаттық қызметкерлердің санын бекітеді;
Қоғамның басшы органдарына ұсыныстар жасайды, жиналыс күн тәртібіне қойылатын түрлі мәселелерді алдын ала талқылайды және шешім қабылдайды;
жиналысты шақырады;
Бөлімшенің жұмыс жоспары мен бюджетін қалыптастырады;
штаттық қызметкерлерді іріктеу, орналастыру және олардың оқу мәселелерін шешеді;
осы Ереже шеңберінде басқа да мәселелерді іске асырады;
3.6. Бөлімше төрағасы:
мемлекеттік, қоғамдық органдарда және басқа да заңды тұлғаларда Қоғам Бөлімшесінің мүддесін қорғайды;
Қоғам берген сенімхат бойынша заңды келісімдер жасайды және оларды бұзады;
құжаттарға  бірінші қол қоюға  құқылы;
бұйрықтар мен үкімдер шығарады;
Кеңес жұмысын ұйымдастырады, оның отырыстарына төрағалық етеді  және онда қабылданған шешімдерге қол қояды;
Ережеге және Қоғам Жарғысына  және осы Ережеге қайшы келмейтін өзге де өкілеттіктер жасайды.
3.7. Төрағаның орынбасары:
іс жүргізуді ұйымдастырады, құжаттардың жобаларын жасайды;
Қоғам органдарының және Бөлімше шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады және бақылайды;
Бөлімше төрағасы болмай қалған кездері оның міндетін атқарады;
өзінің өкілеттігі аясында өзге де міндеттерді іске асырады.
 
4. БӨЛІМШЕНІ ЖОЮ РЕТІ
 
4.1. Бөлімшенің іс-әрекеті соттың немесе жиналыстың шешімімен тоқтатылуы мүмкін.
4.2. Бөлімшені жою туралы бастама Бөлімше Кеңесінен немесе Қоғамның Авторлар кеңесінен шығуы мүмкін.
4.3. Жиналыс жою кезінде мүліктік мәселелерді шешу үшін жою комиссиясын тағайындайды. Жою комиссиясының құрамына міндетті түрде Қоғам өкілдері кіруге тиіс.
4.4. Бөлімшені жою жөніндегі Бөлімше Кеңесінің шешімі Қоғамның Авторлық Кеңесіне жиналыс шақырылардан екі ай бұрын мәлімденуі керек.
4.5. Жою комиссиясы қалған мүлік пен қаржыны бағалайды, дебиторлармен және кредиторлармен, сайланған және штаттық қызметкерлермен есептесуді іске асырады және Қоғамның Авторлар Кеңесінің алдында есеп береді.
4.6. Бөлімше жойылған кезде қалған мүлік пен қаржы Қоғам билігіне көшеді.
СИЗАК-тың деректер базасы

ҚАЗАҚ қана көре алады:
Барлық құқықтары қорғалған.
© KazAK, 2010‑2017
SoftDeCo компаниясының
сайтынәзірлеу және жетілдіру.