Республикалық қоғамдық бірлестік «Қазақстан авторлары қоғамы»
ҚазАҚ тарихы
ҚАЗ
РУС
ENG
Авторлық және сабақтас құқықтар саласын реттеуге арналған ҚР-ның «Авторлық құқық 
және сабақтас құқықтар туралы» тұңғыш Заңы 1996 жылы қабылдануына байланысты шығармашылықпен айналысатын Қазақстандық бір топ интелигенция өкілдері – жазушы, ақын, композитор, драматург, т.б. – 1997 жылы Республикалық қоғамдық бірлестік болып табылатын «Қазақстан авторлары қоғамын» құрды. Қоғам Жарғысы 1997 жылғы 8 қыркүйекте ҚР Әділет министрлігінде тіркелген (тіркелуі туралы Куәлік № 3038-1900-00). Сол 1997 жылы ҚазАҚ-тың 40 шақты ғана мүшесі бар еді. 2006 жылы ҚазАҚ-қа мүше авторлардың саны 1100-ден асты. Ал 2008 жылы бұл көрсеткіш 1353-ке жетсе, 2009 жылы 1450ге жетті. Қазір Қоғамға 2500-дай автор мүше.
 
ҚазАҚ жұмыс істей бастаған алғашқы 1997-1998 жылдары – шетелдік авторлық-құқықтық ұйымдармен
өзара өкілеттік туралы қол қойылған келісімдері негізінен ТМД елдерінің ұйымдарымен ғана жасалған еді.
 
ҚазАҚ қызметі 1999 жылдың желтоқсанында халықаралық деңгейде мақұлданып, Қоғамымыз Авторлар
мен Композиторлардың Конфедерациясына – СИЗАК-қа – уақытша мүше болып қабылданды, ал 2005 жылғы 22 қыркүйектен бастап, толық мүшелігіне өтті. Қоғам үшін СИЗАК-қа мүше болу  дамыған шетелдік қоғамдармен байланытың күрт өсуіне ықпал етті. 2006 жылы ҚазАҚ дүниежүзінің 76 елі авторларының мүдделерін қорғайтын шетелдік ұйымдармен өзара өкілеттік жасау туралы келісімге қол жеткізген болса, 2010 жылдың бірінші қаңтарында бұл көрсеткіш 90-нан асты. Кәзіргі таңда ҚазАҚ әлемнің 138 еліндегі авторлар мүддесіне өкілдік етеді. Қоғам сайтының «Халықаралық байланыстар» парақшасында ол елдердің аттары мен нақты қоғамдары көрсетілген. 
 
СИЗАК үнемі метеодикалық көмегін көрсетіп, әлемдік деңгейге көтерілуімізге қол ұшын созып келеді.
СИЗАК аясында өтетін семинарлар мен конференцияларға қатысып, қоғам қызметкерлері өздерінің біліктілігін арттыруда. Парижде, Токиода, Будапештте, Петербургте, Стамбулда т.б. қалаларда өткен форумдар кәсіби біліктілігімізді дамуы үшін маңызы ерекше болды.
 
2013 жылдың сәуір айында СИЗАК -тың  евроаумағы бойынша басшысы Митко Чаталбашев келіп
ҚазАҚ жұмысына бақылау жүргізіп, жоғары баға берді.
 
2010 ж. Швейцарияның SUІSA қоғамынан КОСИС бағдарламасын сатып алып, бүкіл құжаттарды
өңдеуді, авторлар сыйақысын бөлуді компьютермен жүргізуді жүзеге асырды. Бұл енді жұмыстың барынша ашық, әрі автоматты жедел түрде жүруін қамтамасыз етеді. 
 
1998 жылы ҚазАҚ бар-жоғы 7 миллион теңге шамасында қаламақы жинаса, 2002 жылы – яғни Қоғам
құрылғанына 5 жыл толғанда, жиналған қаржы мөлшері 65 000 000 теңгеге жетті. 2007 жылы – яғни Қоғамның онжылдығында – 250 000 000 асып жығылды. Отандық авторлар сыйақысын жинап тарату мөлшері 2008 жылы 418 000 000 теңгеге дейін жеткен болса. Республика Заңына енгізілген аккредитация институты жөніндегі өзгерістің, соның нәтижесінде пайда болған қосалқы қоғамдардың әсерінен 2009-2011 жылғы авторлық сыйақыны жинап-тарату көрсеткіші (347 000 000 т. дейін) құлдырап кетті. 2012 жылы 416 000 000 теңгеге қайта көтерілді.
СИЗАК-тың деректер базасы

ҚАЗАҚ қана көре алады:
Барлық құқықтары қорғалған.
© KazAK, 2010‑2017
SoftDeCo компаниясының
сайтынәзірлеу және жетілдіру.