Республикалық қоғамдық бірлестік «Қазақстан авторлары қоғамы»
Естай ақынның қаламақысы немересіне табысталды.
ҚАЗ
РУС
ENG

Артында өшпес мұра қалдырған ақын-композитор Естай Беркінбаевтың

мұрагерін іздестіру барысында бұған дейін баспасөз бетінде берілген бірнеше жарнамаға еш жауап болмаған еді. Биыл Керекулік Есімханов Қуат деген азамат арқылы Естай атамыздың сексен алты жастағы Зекен атты немере қызы бар екенін білдік. Сексен алты жастағы кейуананы сотқа сүйрелеп, мұрагерлігін рәсімдету белгілі дәрежеде қиындықтар тудыратын болғандықтан, бұл мәселені Естайдың немересі екенін растайтын елге танымал азаматтардың куәлігіне жүгіне отырып іске асыруды жөн көрген ҚазАҚ дирекциясы мұрагердің жасын, денсаулығын, шалғай ауылда тұратынын және автор құқығы қорғалу мерзімінің аяқталуға жақын қалғанын ескеріп, Естай Беркімбаевтың жиналған сыйақысын мұрагерлеріне табыстау жөнінде шешім шығарған болатын.

Жақында Павлодар облысы, Екібастұз қаласынан қуанышты хабар

жарияланған жергілікті «Отарқа» гәзеті келді поштамен. Атасының мұрасы қолына тиген кезде ақ жаулықты әжеміздің қатты тебіреніп: «Арада сонша жыл өткенде атамның шарапатын осылай көремін деп ойлаппын ба?! Игі іске мұрындық болған алаш азаматтарына, «Қазақстан авторлары қоғамының қызметкерлеріне аналық жүрегімнен ақ батамды беремін» - дегені айтылған.

Жаңалықтар мұрағаты
10.12.2019
Қазақстан Авторлар Қоғамы авторларын танымал әндер саласындағы «QAZAQ MUSIC AWARDS» атты Республикалық Жүлдеге шақырады.
28.12.2017
«ҚАЗАҚСТАН АВТОРЛАРЫ ҚОҒАМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ «ӘЛЕМ ХАЛЫҚТАРЫ ЖАЗУШЫЛАРЫ ОДАҒЫНЫҢ» ЛАУРЕАТТАРЫ АТАНДЫ
06.12.2017
Қазақстан авторлары қоғамының мүшесі Халықаралық сыйлықтың лауреаты атанды
15.12.2016
Автордың қуанышы, ҚазАҚ-тың қуанышы
16.05.2016
М. Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетіндегі халықаралық ғылыми конеференция
Все новости >>>
Барлық құқықтары қорғалған.
© KazAK, 2010‑2023
SoftDeCo компаниясының
сайтынәзірлеу және жетілдіру.