Республикалық қоғамдық бірлестік «Қазақстан авторлары қоғамы»
СИЗАК өз президенті, авторлар құқығын қорғау саласының күрескері, өз дәуірінің үніне үлес қосқан Робин Гиббке құрмет көрсетуде
ҚАЗ
РУС
ENG


21/05/2012 – жексенбі күні ұзаққа созылған ауыр науқастан 62 жасында Робин Гибб қайтыс болды. Робин Гибб өзінің бауырлары Барри және Мориспен бірге британияның әйгілі өнер тобы Bee Gees вокалисі болумен бірге поп музыканың авторы ғана емес осы саланың елеулі өкілі еді. СИЗАК тың президенті қызметіндегі соңғы бес жыл көлемінде дүние жүзінің үш миллион авторының атынан, СИЗАК қа енген әлемнің 121 елінің 232 авторлары қоғамының жетекшісі ретінде талмай еңбек етті. Әлемдегі таңдаулы авторлардың бірі және танымал тұлға болғандықтан билік өкілдерінің назарын авторларға қамқорлық көрсету мен олардың құқығын қорғауға аударып, осы салада өлшеусіз еңбек сіңірді. 2010 жылы алғашқы өкілеттілігі аяқталған Гибб бірауыздан қайта сайланды. Сол кезде Гибб «СИЗАК Президенттігінің маған артар міндеті өте үлкен, себебі авторлар құқығын ұжымды түрде басқаратын авторлар қоғамына автор ретінде қалтқысыз сенемін. Көңіл көтеру орталықтары өркендеп келе жатқан мына кезеңде авторлар құқығын басқару жүйесінің цифрлы технология дәуірімен қатар дамып, пайдаланушылардың авторлар шығармасына қол жетімділігін арттырып, еңбегі дұрыс бағаланып, еңбегінің әділ төленуі үшін мен өз қызметімнің өкілеттілігін барынша пайдаланамын» деген болатын. Ол осы айтқан сөзіне адал бола білді. 1997 жылдан бері осы дүниежүзілік СИЗАК қоғамының мүшесі болып, 15 жылдық әріптес ретінде Қазақстан Авторлары қоғамының да авторлар құқығын қорғау саласындағы біліктілік жөнінде осы қалыптасқан әлемдік ұйымнан алған тәжірибесі аз емес. Сондықтан да бүкіл дүние жүзі авторларының қамқоршысы бола білген әлемдік өнердің майталманы әрі ірі қоғам қайраткері Робин Гиббтің қазасы біз үшін де ауыр. Айтулы тұлғаның қазасына қайғысын қосқан 121 елдің авторлар қоғамымен бірге Қазақстан авторлары қоғамы марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтып, қайғысын бөліседі.

СИЗАК-тың деректер базасы

ҚАЗАҚ қана көре алады:
Барлық құқықтары қорғалған.
© KazAK, 2010‑2017
SoftDeCo компаниясының
сайтынәзірлеу және жетілдіру.