Республикалық қоғамдық бірлестік «Қазақстан авторлары қоғамы»
Қоғам қызметін тексеру нәтижесі баяндалды
ҚАЗ
РУС
ENG
2011 жылғы 25 тамызда ҚазАҚ Авторлар Кеңесінің отырысы болып өтті. Отырыста қоғам жұмысына өткен жылдың қараша айында басталып, биылғы көкек айының соңына дейін созылған тексеріс қорытындылары туралы хабарлама тыңдалды. «Алматы» телеарнасының бас директоры Грюнберг мырзаның Алматы қалалық прокуратурасына жазған арызына орай басталған тексеріс салық органдарының, Бас прокуратураның жаппай тексерісіне ұласқан-ды. Араға 3 ай салып, он күн бойы яғни 2-12 тамызда Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік жөніндегі комитеті жоспарлы тексерісін және жүргізген. Ең бастысы, осынша ұзақ және жан-жақты тексеру барысында Қоғам қаржысына қол сұғу, авторлар қаламақысын жымқыру фактілері табылған жоқ. Сонымен қатар Кеңес мүшелері былтыр Швейцария қоғамынан сатып алынып, биылғы жылы іске қосылған «Косис» компьютерлік бағдарламасының жұмысымен қызыға танысты. Сондай-ақ, Қоғамның Әлеуметтік қорындағы қаражаттың жұмсалу жайы да тыңдалды. Авторлар Кеңесі мүшелері Қоғам басшылығының жұмысына ризалық танытып, алдағы жоспарларына қолдау білдірді.
Жаңалықтар мұрағаты
10.12.2019
Қазақстан Авторлар Қоғамы авторларын танымал әндер саласындағы «QAZAQ MUSIC AWARDS» атты Республикалық Жүлдеге шақырады.
28.12.2017
«ҚАЗАҚСТАН АВТОРЛАРЫ ҚОҒАМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ «ӘЛЕМ ХАЛЫҚТАРЫ ЖАЗУШЫЛАРЫ ОДАҒЫНЫҢ» ЛАУРЕАТТАРЫ АТАНДЫ
06.12.2017
Қазақстан авторлары қоғамының мүшесі Халықаралық сыйлықтың лауреаты атанды
15.12.2016
Автордың қуанышы, ҚазАҚ-тың қуанышы
16.05.2016
М. Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетіндегі халықаралық ғылыми конеференция
Все новости >>>
Барлық құқықтары қорғалған.
© KazAK, 2010‑2023
SoftDeCo компаниясының
сайтынәзірлеу және жетілдіру.