|
ҚР-ның Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңының 2 бабы бойынша шығармашылық еңбегімен туынды жасайтын тұлға автор болып есептеледі.
Мұрагерлік жолмен яки автордың шығармаға қатысты айырықша құқығын келісім-шарт негізінде өзіне алған тұлға құқық иеленуші деп танылады.
ҚазАҚ мына категориядағы авторлардың құқығын басқарады: ақындар, жазушылар, драматургтер, композиторлар, суретшілер, хореографтар және т.б.
Авторлар мен олардың шығармаларын есепке алуды ҚазАҚ-тың Сыйақы жинау және бөлу басқармасы жүргізеді.
Шетел авторлары мен шығармалары туралы солардың сайтына жасалған сілтеме арқылы Халықаралық байланыс тармақшасынан көруге болады.
Әрі:
|
|